«Silk Way Star» байқауының бүгінгі кеші айрықша болды. Себебі, жетінші жарыс күні үміткерлер қазақ эстрадасының жұлдыздарымен бірге ән салды.
Әзірбайжан қызы Ефендиге бұл кешті бастау бұйырды. Ол сұлулардың сұлуы, талантты, табысты, Қазақстанның ең танымал жұлдызы – Динара Сұлтанмен бірге ән айтты.
«Біз қазақтың халық әні «Армай-айды» орындаймыз. Дуэтпен ән орындаудың жауапкершілігі жоғары. Өйткені, сен өзіңді ғана көрсетіп қана қоймай, сенімен бірге ән айтып тұрған адамның да мүмкіншіліктерін көрсете білуің керек», - дейді әнші.
Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):
- Дауыстардың үйлесім тапқаны сезіліп тұрды. Бір ғана айтарым, менің ойымша, Ефенди өз партиясын орындағанда әсірелеп, жіберген сияқты. Мысалы, нотаны алғанда үзіп айттың, соны азайту керек сияқты. Басқасы тамаша болды, керемет!