«Сазгер» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – еліміздің белгілі әншісі, композитор, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның директоры Жеңіс Сейдоллаұлы.
Сазгер бағдарлама барысында өзінің композитор емес, музыкант болатынын сезгендігін айтты.
«Композитор болатынымды сезген жоқпын, бірақ, музыкант болатынды сездім. Өйткені, 6-сыныпта оқып жүрген кезде әкем маған гитара алып келген. Сол аспапты ойнап жүріп, 7-сыныпта мектептің ансамбіліне қабылдандым. Сол кезде мен өзімді үлкен әртіс ретінде елестететінмін. Музыкалық училищеге түскеннен кейін мен де бірақ-ақ қана жол. Ол-музыка. Менің өзім таңдап алған мамандығым бүгін асырап, осындай биікке жеткізді деп ойлаймын», - дейді Жеңіс Сейдоллаұлы.
«Сазгер» хабарында композитордың «Бәрі есімде» әні Жанболат пен Жазираның орындауында шырқалса, «Алматым-алтын бесігім» әнін Айри есімді әнші көпшілікке тарту етті.