Отандастарымыздың шетелден ем іздеп кетуіне не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандастарымыздың шетелден ем іздеп кетуіне не себеп?

02.12.2017

Шетелден ауруына ем іздегендерді «медициналық туризмнің өкілдері», дейді. Сарапшылар 2022 жылға қарай бұл саланың айналымы 143,8 миллиард долларға жетеді деп болжады. 2015 жылдың өзінде шетелде емделгендер өзгелердің қамбасына 43 миллиард доллар құйып кеткен. Көш басында Германия, жылына 70 мың науқасты қабылдайды, Израиль болса, 30 мыңға жуық шетелдікті емдейді екен. Өткен жылы үндістандық дәрігерлерге 3 миллиард доллар, Таиландтың дәрігерлеріне 2 миллиард доллар төлепті. Біздегі қалтасы қалың қандастар Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Израиль, Германия сынды елдерде емделеді.

Халқы ең ұзақ жасайтындардың көшін қазір Жапония бастап тұр, олар орта есеппен 83,7 жыл өмір сүреді екен. Сол жапондарға жету былай тұрсын, егер депутаттардың дерегін ескерсек, қазіргі деңгейден құлдырамау арман болып қалайын деп тұр.

Қазір ел аумағында қатты өнеркәсіп қалдықтары жиналған 476 полигон бар екен, оның 86-сы экологиялық және санитарлық талаптарға сай емес. «Соның салдарынан қоршаған ортаға орны толмас зиян келіп, қарапайым халықтың денсаулығы күн өткен сайын нашарлап барады», - деді депутаттар. Тіпті, Қазақстанда күніне 100 адамнан қатерлі ісіктің белгілері табылады деген ақпарат та айтылды. Мұның бетін қайтару мүмкін бе? Отандастарымыздың шетелден ем іздеп кетуіне не себеп? Сәбит Әлдебай айтады.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу