Сыншы, журналист Бақыт Сарбалаев биыл 70 жасқа келді. Бағдарлама қонағы Тәуелсіздік күніне орай және шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Өлеңді бала кезімде жазуды бастадым. Бірақ ақын болу қиын. Ақын болған соң жақсы ақын болу керек. Алғашқы «Өлең салмағы жүрек-пен өлшенеді» атты сын мақалам 1966 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарық көрді. 1 курс студентінің мұндай мақаласы біраз шу көтерді. Өйткені ол кезде газет таралымы 300 мыңдай болатын. Ол баспада бір мақалаң, өлеңің жарық көрсе ертеңгі күні бүкіл ел танитын ақын, қаламгер болып оянуың мүмкін.
Әдебиет қасиетті. Әдебиеттегі жауапкершілік те мықты болу керек. Сыншы болу да оңай емес. Сын деген жүрегіңдегі әділіңді айту. Көбінесе шындықты айттым деп ойлаймын. Ренжігендер де болды, бірақ жеке адам ретінде маған түсіністік танытты», - дейді қонақ.