Фулин түрік музыкасының алтын дауысы Сезен Аксудың «Кішкентайым» әнін орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фулин түрік музыкасының алтын дауысы Сезен Аксудың «Кішкентайым» әнін орындады

10.12.2017

Кезегін күткен Фулиннің таңдауы ешкімді таңқалдырмасы анық. Түрік музыкасының алтын дауысы Сезен Аксуды тыңдап өспеген, сыйлап-құрметтемейтін түрік жоқ шығар.

 

«Мен бала күнімнен Сезен Аксуды тыңдап өстім. Үйімде оның осы күнге дейін шыққан барлық күйтаспалары бар», - дейді Фулин.

 

Түрік әншісі Сезен Аксудың «Кішкентайым» деген әнін орындады. Фулиннің айтуынша, «Silk Way Star» сахнасында шырқайтын әндерінің ішіндегі баяу әннің біріншісі және соңғысы дәл осы болады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):

 

- Кейде әнде вокалдық мүмкіндіктерді көрсету маңызды емес. Оны сезіну, ішіңдегіні жеткізу ғана маңызды. Фулин соны көрсетті. Бүгін Фулиннің сахналық образы сәтті шықты. Баурап әкетті, ол әнді сезініп, өзінің ішкі сезімдерін, көңіл-күйін жеткізе алды деп айтар едім.

Хабарламаларға жазылу