«Мен қазақпын». Ардақ Елеусіз – Қазанғап мектебінің жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен қазақпын». Ардақ Елеусіз – Қазанғап мектебінің жалғасы

10.12.2017

«Мен қазақпын» сахнасында өнер көрсеткен келесі күйші - ақтөбелік Ардақ Елеусіз. Ол да жобада Т.Ахметовтың «Шернияз» күйін шертті.

Айгүл Үлкенбаева:

- Техникалық орындау шеберлігінде мін болған жоқ. Өте сауатты алып шықты. Осы жоба басталғанда мен осындай інілеріміздің өсіп келе жатқанына қуандым. Ақтөбелік болған соң, Қазанғаптың күйлерін өте шебер орындайды екен. Соған тәнті болдым. Ардақтың бойындағы сабырлылық, ұстамдылық орындаушылығында да көрініп тұр. Күйді жақсы алып шықты.

Толғамбай Сембаев:  

- Ардақтың өзінің мінезіне қарай орындаған шығармасының бәрі салмақты. Нағыз күйші екенін дәлелдеп келе жатыр. Бір байқағаным, Ардақтың ішінде жойқын күш бар. Бұл азамат сахнаның көркі болатын жігіт. Тамаша күйші. 

Ұлжан Байбосынова:

- Ардақ осы жобаның басынан бастап өзінің болашақта керемет күйші болатынын байқатқан болатын. Қазанғап мектебінің қазіргі таңдағы жалғасы деп айтсақ артық емес.

Ардақ Елеусізге 3075 нөміріне 3 санын  жіберу арқылы дауыс бере аласыздар.

Хабарламаларға жазылу