Бүгінгі «Таңшолпанның» тынысы ерекше. Тәуелсіздік алған жылдан бері жаһандану дәуірін, жанданған, гүлденген жаңа Қазақстанға дейінгі кезеңді түгел қамтыған бағдарлама – «Таңшолпан». Егемен ел тарихында халықпен ең ұзақ жасасып келе жатқан бағдарлама да осы «Таңшолпан».
Сонау 1992 жылы қалың қазаққа «Қайырлы таң!» тілеп, ақжарма тілегімен ояту – сол дәуірдің жаңалығы болды. «Таңшолпан» 25 жыл ішінде өнер, әдебиет, руханият әлеміне, ғылым мен білім, саясат, әлеуметтік тақырыптарға еркін құлаш ұрды. Елге тұтқа болған түрлі саясаткерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, өнер адамдары, біз білетін, білмейтін түрлі сала мамандары өз өнерін бағдарламада ортаға салды, халыққа жеткізді, өз мүдделерін қорғады.
Ендеше, өткенге көз жүгіртіп бағдарламаның алғашқы толқындарын еске түсірейік.