Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы студия қонағы болды.
«Келесі жылы қазақ телевизиясына – 60 жыл. Қазақ даласында бұл саланың сәуле шашқаны бүгінгі уақытта орасан зор бақыт. Телевизияның осы күнге жетіп-дамуы мыңдаған адамның еңбегі.
«Таңшолпан» - қазақтың бауырынан шыққан бағдарлама. Осыдан 25 жыл бұрын таңғы бағдарлама шығару туралы ұсынысты Шерхан Мұртаза жасаған болатын.
Мен осы салаға 22 жасымда келдім. Қазір 55 жыл өтіпті. Әр ұрпақ телевизияға өз қолтаңбасын қалдырады. екен. Өз заманында осы салаға күштерін салып, еңбек сіңірген азаматтар аз емес», - дейді жазушы.