Бұл әншіге байқау барысында қазылар алқасы қатаң сын да, ағалық ақыл-кеңес те айтты. Десе де, түрік әншісі өзінің өнерімен барша көрерменнің жүрегін жаулап алды деуге болады.
Бастапқы уақытта Қазақстанда қалай тұратына қорқынышпен қараған Фулин
«осында келгенім қандай жақсы болған. Шығармашылық өмірімде көптеген өзгерістер болды. Қазақ әншілерімен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Енді қазақ әндерін өз елімде де шырқағым келеді. Қазақ әнін Түркияға таныту мақсатында және осылайша түрік эстрадасына жаңа леп алып келгім келеді», дейді.
Бұл бағдарламада Фулин өзінің репертуарындағы «Супер қаһармен» әнін шырқады.
Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин (Башқұртстан):
- Бұл әннің саған сәттілік әкелетініне күмәнім жоқ. Сен бүгін сахнада өзіңді сондай еркін сезіндің. Шынында сенің әнің екен. Біз бүгін нағыз түрік эстрадасының жұлдызын көрдік десем артық айтпаймын. Бұл нағыз сенің деңгейің. Өзіңнің жаныңа жақын осындай композицияларға ұмтылу керек. Ешқандай қысылып-қымтырылмайтын, өзіңді еркін сезінетін шығармаларға ұмтыл. Саған алда тек сәттілік тілеймін. Өзіңнің осындай шынайы, жанартаудай әндеріңмен көрерменіңді, жанкүйерлеріңді қуанта бер.