Соңғы жарыс күні Омар «Бұлбұлым» әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы жарыс күні Омар «Бұлбұлым» әнін шырқады

17.12.2017

«Silk Way Star» байқауының шешуші кезеңінде әншілер өз репертуарларындағы туындыларды шырқады. Кезегін күткен келесі орындаушы шарықтап жеңіп те көрді, ойсырай жеңіліп те көрді.

 

«Уақыт тез зымырайды деген шын екен. Бір сәтте өтіп кетті, қарап отырсам соңғы концерттер қалыпты.

«Silk Way Star»-ды сағынамын, себебі еске алатын күндер көп», - қырғыз әншісі Омар.

 

Ол бұл бағдарламада «Бұлбұлым» деген әнді орындады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):

 

- Бүгін қалай бағалайтынымызды білмей отырмын. Өте қиын шешім. Бірақ, сенің қалыптасып қойған әртіс екеніңді айтқым келеді. Сен тамаша орындайсың, дауысың ғажап. Сен жоғары ноталарға жұмсақ, байыппен өтетінің сонша, араларында жік білінбей кетеді. Сен өзіңді көрсете аласың, кез келген әнді тамаша орындай аласың. Мен саған сәттілік тілеймін. Өнердің соқпағында жеңістер тілеймін, ең бастысы, өзіңді жоғалтып алма.

Хабарламаларға жазылу