Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында халықтың әндерін әуелетіп, халық композиторларының шығармаларын насихаттайтын жобаның гала-концерті өтті. Шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, барша жұртты байқаудың мәреге жетуімен құттықтады.
Жоба қорытындысына сай «Үздік әнші» аталымының жеңімпазы Талдықорған қаласының абыройын аспандатқан Бейбіт Мұсаев атанды. «Үздік күйші» аталымында ақтөбелік Ардақ Елеусіз дараланды.
«Үздік термеші» аталымын маңғыстаулық Оспан Құлсымақ жеңіп алды. Ал,ең көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» болған Жамбыл облысының өкілі Сұлужан Әбенова.
Айта кетейік, «Мен қазақпын» мегажобасы 2017 жылдың маусым айында басталған болатын және оған еліміздің барлық өңірі мен көршілес бірнеше елден 3000-нан астам өнерпаз қатысты.
Назарларыңызға жобаның гала концертінің толық нұсқасын ұсынамыз.