Қазір не керек түрлі тренинг деген толып кетті. «Бай қыламын» дейді, «ақшасын төлесең ақшаны уыстап ұстайтын кәсіпкер жасап шығарамын» деп жарнамасы жер жарған талайды көрдік. «Бақытты болуды үйретемін, тұрмысқа шығудың, жақсы келін болудың, баланы ақылды қылып тәрбиелеудің жолын көрсетемін», деп жүргендер көп. Бір қызығы, соларға сеніп баратындар ай сайын артып барады. Қазір тәрбиеші көп, бұл алты алашта алты ауыз сөзге арқау болар сөз айтатын ақсақал таусылды дегенді білдірмейді. Тек әлгі үйреткіштер ата-әженің тәрбиесін тықсырып жылтыр жарнама жасап, кітап басып сананы улап жатыр.
«Отбасын қалай сақтап қалуға болады?» деген атақты кітаптың авторы Дерек Медина Америкада өз әйелін атып тастап суретін әлеуметтік желіге салды. «Қалай бақытты болуға болады?» деген бестселлердің авторы Чхве Юн Хи Кореяда асылып өлді. «Достарды қалай табуға болады?» деп туынды жазған әйгілі Дейл Карнеги қартайғанда жападан жалғыз қалып көз жұмды. Баланы жақсы тәрбиелеудің жолдары туралы бірнеше кітап жазған Бенджамин Спокты өз балалары қарттар үйіне апарып тастады. Тізгін Сәбит Әлдебайда...