Ескінің салты деп елді алдап, халықтың қалтасын қаққан алаяқтарға қандай жаза бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескінің салты деп елді алдап, халықтың қалтасын қаққан алаяқтарға қандай жаза бар?

23.12.2017

Еңбектерінде кеткен кемшілік болса немесе көліктерін соғып алса, құлап мертігіп қалса, кез келген қолайсыз жағдайға тап болсақ көбіне «саған көз тиген-ау» дегенді естиміз. Дауасын әркім өзінше жориды, біреулер түйреуіш тақ дейді, біреулер садақа бер дейді кейбірі тіпті бақсы-балгерге барып көрінсеңші деп берекесіз бағытты нұсқайды. Осы ырым-тыйымдарға келгенде әр жаққа бір елеңдеп шатасты да қалды біздің қоғам. Ескінің есті адамдары тыйымның мағынасын білетін, қазір көпшілігі «не үшін?» десеңіз, «білмеймін, әйтеуір жаман болады» деп қысқа қайыра салады. Интернеттің инесіне отырған бүгінгінің адамдары «жаман боладыға» сене қойсын ба, сондықтан, «сүрінсе» бақсы-балгер аралап кетеді.

Қазақ «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дейді. «Фейсбуктың» басшысы миллиардер Марк Цукерберг, екі қыздың әкесі. Бөбектері дүниеге келген сәтте тікелей эфирге шығып 10 миллион адамға қызын көрсетті. Ал Ұлыбритания корольдігінің болашақ мұрагерін туғанына екі күн болғанда әкесі ханзада Уильям мен анасы Кейт жалпақ жұртқа көрсету үшін журналистерге алып шықты. Бұларға көз тимейді, ал, біз маңдайына күйе жағып адам баласына көрсетпесек те, бөпелеріміз «көз тигеннен» ауырып қалып жатады. Ғылымда «Плацебо» деген түсінік бар, ол адам не ойласа соған душар болады дегенді білдіреді. Соғыс кезінде дәрі-дәрмек жетіспей жатқанда жарақат алған сарбаздарға дәрігерлер «саған ем болады» деп бос капсулаларды ішкізген. Дәрі іштім деп ойлаған науқастар содан жазылып кетеді екен. Кейде ырым-тыйымды көп айтып сол дертті өзіміз шақырып алмаймыз ба деген қауіп те жоқ емес. Дәстүрдің озығы мен тозығын Еркін Съезұлы айтады...

Хабарламаларға жазылу