«Таңшолпан» бағдарламасы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйламақ. Қызықты сюжеттер, құрметті қонақтар, мерекелік тікелей қосылымдар көрермен назарына ұсынылмақ. Журналистер Жаңа жылға әзірлік жасап, балаларға сый-сыяпат үлестіріп, биыл баспаналы болған қазақстандықтардың қуанышымен бөліседі.
Жаңа жыл кезінде үздіксіз жұмыс істейтін мекемелер де назардан тыс қалмайды.
Әлем елдері Жаңа жылды қалай тойлайтыны туралы да қызықты сюжет тек «Таңшолпан» бағдарламасында.
Келе жатқан Ит жылының құрметіне студияға арнайы мейман итімен бірге қонаққа келіп, ел назарына жеті қазынаның бірі туралы сюжет ұсынылады.
Ал, «Ит жылы туған адамдардың мінез-құлқы қандай болады?» деген сауалға психолог кеңесі айдар жауап беретін болады.
Сондай-ақ, 2017 жылдың айтулы оқиғаларына шолу жасалып, ел тарихындағы айшықты мезеттер назарға алынады.
Ертең, 31 желтоқсан 09:00-11:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын!