Халық оны шексіз сүйеді. Ол да халыққа деген махаббатын аямады. Бибігүл Ахметқызының өнер шыңында бағындырмаған белестері қалмады. «Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы - қазақ ән өнерінің гаухартасы Бибігүл Төлегенова.
«Адам болған соң үміт, арман болады. Бірақ, менің орындалмаған арманым бар деп айта алмаймын. Бақыттымын. Үш балам бар. Жалғыз болған емеспін. Жас кезімнен халық алдында жүрдім. Қайда жүрсем де, халық қатты қастерледі. Осы күнге дейін қошеметтейді.
Қазір зейнеткермін. Сахнаға анда-санда шығамын. Қолдан келгенде қайырымдылық жасаймын. Осыдан 5 жыл бұрын ауырып, қазір емделудемін. Жастайымнан дүние-мүлікке қызыққан емеспін. Қарапайым өмір сүремін.
Қызым Мәриямның дүниеден озғаны маған ауыр соққы болды. Адам болған соң барлығына шыдайсың. Қолымнан келгенше, берік болып отырмын. Қызымның жоқтығын көрсетпей, немерем бағып отыр. Елбасына рахмет. 70 жасыма Астанадан пәтер сыйлады», - дейді Халық әртісі.
«Толығырақ» «Бақытты әйел» бағдарламасында.