«Таңшолпан». Салтанат Рахымбекова: Биылғы көктемде Таразда 80 электробус іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Салтанат Рахымбекова: Биылғы көктемде Таразда 80 электробус іске қосылмақ

30.01.2018

Елбасының биылғы Жолдауында жасыл экономикаға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді. Бұл көптеген бағдарламаларға жаңа серпін беретіні анық. Ол қандай жоспар? Олар қалай іске асып жатыр?

 

Студия қонағы «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының» төрайымы Салтанат Рахымбекова осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

 

«Елбасының биылғы Жолдауында 10 тапсырма көрсетілді. Біз «Жасыл» экономикамен айналысқан соң 10 міндетті де жасыл экономикаға бұрдық. Бұл жерде ең негізгісі - екінші тапсырма. Ол балама көздің 2030 жылы 30 пайызға жетуі туралы. Жалпы Жолдауда тұрмыстық қалдықтарды өңдеу туралы жақсы көрсетілген. Бұл Қазақстандағы қалдықтарды өңдейтін шағын бизнеске жақсы серпін береді. Мысалы, тұрғын үйден қалдық жинап, оны өңдеп, жаңа тауар шығаратын болса, оларға субсидия беріледі.

 

Одан басқа аграрлық өнеркәсіпке де қолдау көрсетіліп отыр. 10-шы тапсырмада «Smart city» – ақылды қала Астана туралы айтылған. Белгілі болғандай Астана қаласында экология мәселесі көтеріліп отыр. Былтыр елімізде «Жасыл» экологиялық ассоциациясы құрылған еді. Осы ұйыммен бірлесе отырып, әкімшілікпен шешу үшін жаңа жобалар ұсынып отырмыз. Оның ішінде электробус жүруі туралы ұсыныс. Алматыда осындай зауыт аталмыш автобусты жасайды. Енді осы көктемде 80 электробус Таразда іске қосылмақ. Одан кейін Астана қаласына электробустар әкелінбек. Электроқуатпен жүретін осындай автобустың екеуі былтыр «ЭКСПО» көрмесіне әкелінген», - дейді Салтанат Рахымбекова.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында.

Хабарламаларға жазылу