«Бақытты әйел». Зарина Омарова: Ажырасу алдында тұрған адамдарға айтарым - шыдау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Зарина Омарова: Ажырасу алдында тұрған адамдарға айтарым - шыдау керек

30.01.2018

Әнші Зарина Омарова «Мақпалдың мекенінде» қонақ болды. Әнші өнердегі және өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

 

«Осы соңғы сегіз жыл – маңызды уақыт. Өйткені мен жар, ана атандым. Мен өзімнің парызымды атқардым. Дүниеге әйел болып келгеннен кейін не болса да міндетіңді атқару  керек. Жұбайыңның, баланың көңілін табу керек. Бәрін бірге алып жүріуге мүмкіндік болды. Бірақ мен жұбайымның, балаларымның қасында болуды шештім.  Біраз жыл сахнада көрінбедім. Сахнаны сағындым. Өйткені ол киелі. Сахнаға шыққанда оған толықтай берілесің. Барлық дүниені ұмытып, бар жаныңмен сахнаға өзіңді арнайсың. Әрине сахнаға оралуға қорықтым. Халыққа ұнаймын ба деген қорқыныш болды.

 

Бала кезімде біраз қиыншылық көрдім. Ата-анамның бөлек тұрғаны бар. Кейін де өмірде басқа қиыншылық көрдім. Адам осыны көріп өсіп, ақыл тоқтатады екен. Оңай болмады. Бірақ ол - өмір. Сол қиыншылқтың бәрін жеңіп, осындай жетістіктерге жеттім.

 

Ажырасу алдында тұрған адамдарға айтарым шыдау керек. 10 жылда бізде де керемет болған жоқ. Ұрыс та, керіс те болды. Алдағы жылдары бір үйде тұру, жұбайыма, ата-енеме үйрену қиын болды. Көп жастар осыдан өтеді деп ойлаймын. Ақылым, жеңу керек. Ер азаматқа мұның бәрін түсіндіру қиын. Ал әйел адам ақылға салу керек. Сыйластық бар жерде махаббтат та бар. Әйел адам өзінің әйел, нәзік жан екенін ұмытпауы керек», - дейді өнер иесі.

 

 

Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасында.

Хабарламаларға жазылу