Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП Орталық комитетінің орынбасары Жамбыл Ахметбеков студия қонағы болды.
«Елбасының биылғы Жолдауын халыққа түсіндіру және түйіткілді мәселелерді білу мақсатында депутаттар болып өңір араладық. Жалпы жеке байқағаным бұрындары халықтың ойы ұсақ-түйек болатын. Ал, қазір ол мәселелер шешілген сияқты. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Үлкен мәселелерді көтереді. Мысалы, интернет, жол, инфраструктура мәселесі. Одан басқа ауыз су және жылумен қамту мәселесіне қатысты сұрақтар көп.
Жолдауда адам капиталына ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, білім алу, спорт, салауатты өмір салты. Бұрынғы кездері спортпен жастар жаппай араласатын. Кейіннен көптеген спортзалдар жабылды. Қазір спортзалдар бар, бірақ, көбесі ақылы болып кетті. Жаңа спорт кешендерінің салынғаны өте жақсы. Меніңше, мектептерде дене шынықтыру сабақтарынан басқа секцияны көбейтсе, жақсы болар еді. Адам спорт арқылы өзін-өзі тәрбиелейді», - дейді депутат.