Елімізде істемейтін микрофонды ұстап алып, компьютер жасап берген дауысқа еріп ерінін жыбырлатып тұратын әншілер көбейген.
Түркіменстанда 2005 жылы фонограммаға тыйым салынған. Телеэфирлер мен үлкен сахналар тұрмақ, тойда да тек шынайы дауыспен ән айту шарт. «Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың» деген бар, әзірге біздегілер жанын емес жұрттың жүйкесін жеп жүр.
Алмас Алматовтың «Қазір жұлдыздардың көптігінен Ай мен Күнді іздеуге ерінетін болдық» дегені саналы адамның бәрін ойландыруы керек. Осы мәселе турасында толығырақ Гүлжазира Ғалиқызының материалында.