Бүгін әнші Бағдат Сәмединованың туған күні. Туған күн иесі студияда құттықтаулар қабылдап, көрермендерге ән сыйлады.
«Туған күнге ешқашан аса мән бермейтінмін. Қазір балаларым өсіп, солар мен үшін мереке жасайды.
Бала кезімде тентек болдым. Ұл баланың ойындарын ойнайтынмын. Ер мінезді болып өстім. Сол бала кезден тіке сөйлейтін қасиетім бар. Бірақ ішкі дүнием біреуге қарсы сөйлеуді ұнатпайды.
Екі қызым, немерелерім - қуанышым. Солардың жақсы адам болып, ел қатарына қосылуы - менің бақытым.
Әншіліктен басқа қосымша кәсібім жоқ. Әнші ретінде шәкірт тәрбиелеймін.
Астананың 20-жылдығына орай «Астана» әнін, одан басқа «Сары-арқа» әнін жаздым. Әнші ретінде елорданың туған күніне қосатын үлесім осы», - дейді әнші.
Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.