Жақында ғана Ұлттық арна эфирінен шыққан «Бақытты әйел» бағдарламасының жүргізушісі Мақпал Қаратайқызы мен бағдарламаның бас продюсері Әлия Алмауытова «Таңшолпан» студиясында қонақта.
«Бақытты әйел» бағдарламасының мақсаты – қазақ әйелдеріне ақыл-кеңес беру. Тағам дайындауды, өз-өздерін күтуді үйренсе, әр түрлі адамдардың сұхбатын тыңдай отырып, өздерінің өмірлерінде дұрыс таңдау жасай алса деген ой болды.
Бұл жоба арқылы еліміздің бүкіл қыз-келіншектеріне бақытқа қол жеткізу мүмкін екендігін көрсеткіміз келді. Оларға қандай да бір жақсылығымыз тисе, әлемді мейірімділікке бөлесек деген игі ниетпен туған бағдарлама. Көздеген мақсатымызға аз да болса жақындадық деген ойдамыз. Өйткені, хаттар жиі келеді. Қыз-келіншектер ризашылықтарын білдіруде.
«Бақытты әйел» бағдарламасы аз уақытта елдің оң бағасын алады», - дейді қонақтар.
Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.