ҚР Халық әртісі Гүлжан Әспетова: Табиғи, шынайы дүниелер көргім келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Халық әртісі Гүлжан Әспетова: Табиғи, шынайы дүниелер көргім келеді

06.02.2018

ҚР Халық әртісі Гүлжан Әспетова «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта. Қазір актриса Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында қызмет етіп келеді.

Студия қонағы шығармашылығы туралы әңгіме қозғады.

«Астанаға келгеніме 19 жыл болды. Ол кезде театр жағдайы нашар еді. Жас әртістердің жаңадан бітіріп келген кездері. Солай жұмыс басталып кетті. Қазір алдыңғы қатардағы театрлардың біріміз. Нағыз әртіс болу қиын. Көп ізденіс қажет. Бейнені шығару, бойыңа сіңіру, көрерменге жеткізу, кейін үйіңе келіп, сол образдан шығу оңай емес.

Өзімді киноактриса деп есептемеймін. Алайда, көп туындыларға түстім. Жақсы баға да берілді. Мысалы, «Несібелі» киносы 15 күнде түсірілді. Халық жақсы қабылдады. Көп дүние режиссердің талғамына байланысты. Ал, әртіс сомдайтын рөлі үшін жауапты. Қазіргі көпшілік кинода образ жоқ. Тек сөзін жаттап, айта салады. 

Ұстаз болғаныма 30 жыл болды. Бізді алдау қиын. Біраз елдің сериалдарын көремін. Қазақтың киносын көрмеймін. Себебі, намысыма тиеді. Табиғи, шынайы дүние көргім келеді», - дейді әртіс.

 

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу