«Таңшолпан». Қазақстан мен Малайзия арасындағы туризм саласы қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақстан мен Малайзия арасындағы туризм саласы қарқынды дамып келеді

07.02.2018

Мохамад Бакри Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісіне тағайындалғанына – 1 жыл. Бұрын Малайзияда, Тайландта, Африка елдерінде хатшы қызметін атқарған. Қазір Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға бағытталған жұмыстарымен айналысады.

Соңғы кездегі қазақстандық студенттердің малайзиялық білім беру жүйесіне деген қызығушылығы жоғары. Тропикалық елге жиі саяхат жасайтындар да көп. Бұл да екі елдің достық және дипломатиялық қатынастарының жақсарғанын айқындайды.  

Бакри мырзаны қазақ жеріндегі төрт мезгілді д е көруге болатын ерекше табиғаты қызықтырады. Сол себептен отбасымен жиі табиғат аясына барғанды жөн санайды.

Малайзиялықтар қазақтарға өте ұқсас. Бет-әлпеті, сыпайылығы, тіпті қонақ күту рәсіме де солай.  

«Жұмысым таңертең маңызды құжаттарға қол қоюдан басталады. Түрлі келіссөздер жүргізіледі. Одан бөлек мемлекеттік деңгейдегі кештер ұйымдастырылып, елшілердің қатысуы міндетті түрде қадағаланады.

Дипломат есебінде мен елімнің нұсқауымен жұмыс істеп, олардың таңдап жіберетін еліне барамын. Қазақстанға алғаш 2017 жылдың наурызында келдім. Қазақ халқымен алғашқы таныстығым осылай басталды», -дейді Мохамад Бакри.

«Балаларымыз халықаралық мектепте оқиды. Қосымша қазақ, орыс тілдерін меңгереді. Жодасымның жұмысына байланысты әртүрлі елге барамыз. Өзім де, балаларым да саяхатқа толы өмірге үйреніп кеттік», - дейді жұбайы Шарифа.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу