«Парасат майданы». Біздің қоғамдағы дәрігер статусы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Парасат майданы». Біздің қоғамдағы дәрігер статусы қандай?

10.02.2018

«Парасат майданы» бағдарламасында дәрігерлердің мәртебесі және дұрыс тамақтану мен тамақтан улану мәселелері сөз болды.

«Қазіргі кезде біліктілігі төмен мамандар өте көп. 3-5 күн немесе екі апта оқып, қолдарына құжаттарын алып алады. Ең сорақысы, шетелден оқып келдік деген қағаз алып келеді де, «Денсаулық мектебі», «Дұрыс тамақтану» мектебі сынды мекемелерді ашып алады. Сөйтіп, өздерін маман ретінде көрсетеді. Қоғамда дәрігердің, мұғалімнің, мейлі, басқа маман өкілдерінің беделін көтеру үшін әрбір жеке адамның жауапкершілігі болуы керек», - дейді нутрициолог Майгүл Қайнарбаева.

Қазақстанда тамақтан улану көрсеткіші:

  • Тәтті нан, торттан улану – 35,6 %
  • Ет өнімдерінен улану - 19 %
  • Сүт өнімдерінен улану - 10,6 % құрайды.

Бүгінгі заманның басты көріністерінің бірі – көшеде тамақ ішу. Студия қонақтары тамақтан уланған жағдайда қандай шара қолдану қажеттігімен бөлісті.

 

Хабарламаларға жазылу