Жазушылар кімге немесе неге мұқтаж? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушылар кімге немесе неге мұқтаж?

10.02.2018

«Жазушылар Одағы деп жүрміз, 700 жазушыны басқарып жүрген ол Жазушылар Одағы Үкіметтің бір бөлімі сияқты болып қалды. Кеңес Одағының тұсында Жазушылар Одағы құрылмаған ұлттық партия сияқты еді. Жұрт арыз-арманын, көрген жәбір-жапасын Жазушылар Одағына келіп айтушы еді. Ол кездегі Жазушылар Одағының басшылары қандай еді?! Ғабит Мүсірепов, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов секілді ірі қайраткерлер отырды. Олармен санасты». Бұл - жазушы Қабдеш Жұмаділовтің пікірі.

Кеңес кезінде ең ауқаттылардың қатарында болған қаламгерлер қазір жадау тартып қалғаны рас. Нарық сондай, шығармаңды өзің өткізе алсаң, қалтаң толады. Әйтпесе, бұйырғаны болады. Қаламгерлердің шымбайына бататын тағы бір мәселе - қаламақы. Осы мәселе турасында толығырақ Сәбит Әлдебайдың сюжетінде.

Хабарламаларға жазылу