«Таңшолпан». Қылқалам шебері Салахитдин Айтбаевтың туғанына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қылқалам шебері Салахитдин Айтбаевтың туғанына - 80 жыл

15.02.2018

Биыл Салахитдин Айтбаевтың туғанына – 80 жыл.

Оны жақындары, достары «Қалжан» дейтін. Себебі 6 жасында сазбалшықты суға илеп, бірдеңе жасауға, қабырғаға сурет салуға ынталанған бала күні бойы судан шықпай, ауырып қалады. Сол кезде ауылда дәрігер болмай, Қалжан атты бақсы емдеп-жазған деседі. Сол кісінің құрметіне баланы Қалжан деп атаған.

Бұл белгілі суретші Салахитдин Айтбаевтың өмірінен бір үзік сыр. Су жағалап, дымқыл топырақты шимайлап жүрген балалық қиялы оны Алматы көркем сурет училищесіне алып келеді. Мұнда қылқалам шебері Қазақстанның танымал суретшісі Кембаевтан тәлім алады.

Салахитдин Айтбаев өзінің өнеріне риясыз берілген. Ғұмырын тек кескіндемеге арнаған ол сүйіктісі Ләззатты 47 жасында ғана кездестіріп, отбасын құрды. Оның болмысы, өнері мен мінезі де ешкімге ұқсамайтын.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу