«Мәселе». 2017 жылы 7 отандасымыз топан судың құрбанына айналған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе». 2017 жылы 7 отандасымыз топан судың құрбанына айналған (ВИДЕО)

17.02.2018

Топан су келгенде алдымен Қарағанды облысы абдырап қалды. Қираған үй, бүлінген тас жол, тәуліктеп тоқтап қалған темір жол қатынасы, тұншығып өлген малда есеп жоқ. Ең ауыры қандастарымыздан көз жазып қалдық. 2017 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында УАЗ автокөлігін су кюветке шайып түсірген. Көлікте болған 14 адамның үшеуі батып кетті. Ақмола облысындағы Воздвиженка ауылында еріген қар суына толып қалған құдықтан добын алмақ болған алты жасар бала тұншығып көз жұмды. Шығыс Қазақстан облысында 47 жастағы шопан Аягөз өзенінің арғы бетінен азық-түлік алып өтпек болады. Өзеннің үстінен керілген арқанға байлап жүкті жібереді, қырсық шалғанда қап орта жолда тіреліп қалған. Азықты өзіне артып жіпті жағалай өтпек болған шопанды көтермей арқан үзіліп атпалдай азамат қайтыс болды. Жалпы, 2017 жылы 7 отандасымыз топан судың құрбанына айналды. Төтенше жағдайға дайынбыз деген жаттанды ақпаратын шенеуніктер былтыр да айтып еді.

Айта кету керек, Қарағанды облысы биыл су тасқынына қарсы шараларға 2 миллиард 250 миллион теңге қарастырған. Елдегі 1665 гидротехникалық құрылыстың 192-сі жекеменшік. Осы тақырып турасында толығырақ Еркін Съезұлының сюжетінде.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу