«Таңшолпан». Еліміздің музей саласындағы «Жұлдызды гид» жобасы әлем тәжірибесінде болмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Еліміздің музей саласындағы «Жұлдызды гид» жобасы әлем тәжірибесінде болмаған

22.02.2018

21-ақпан күні әлемнің түкпір-түкпірінде экскурсия жүргізушілер өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. 1990 жылы Лондонның экскурсоводтары көтерген бұл бастаманы еліміздің музей қызметкерлері де жалғастырып келеді.

Атаулы күнге орай елордадағы Ұлттық музейде биыл да «Жұлдызды гид» жобасы жүргізілді. Жобаның аты айтып тұрғандай, бұл күні әншілер мен театр және кино актерлері экскурия жетекшісінің орнын алмастырады. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараның бұл жолғы қатысушылары - еліміздің Еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Айгүл Иманбаева, театр және кино актерлері Нүркен Өтеуілов, Дәурен Серғазин, әнші Ардақ Балажанова, Айгүл Қосанова және тағы басқалары. Елге танымал өнер адамдары осы күндері өздерін басқа салада сынап көрді.

Бұл жобаның басты мақсаты – музей имиджін көтеру және ұлттық құндылықты, тарихымызды насихаттау. Имидждік жоба еліміздің, тіпті, әлемдік музей тәжірибесінде мүлдем болмаған. Ұлттық музей қолға алғаннан бері эстафетаны басқа облыстардың музей орталықтары қабылдап, жүзеге асырып жатыр. Тіпті, шараға шетелдік қонақтар өз қызығушылықтарын білдіруде.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу