Астанада Сәкен Сейфуллинді еске алуға арналған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Сәкен Сейфуллинді еске алуға арналған кеш өтті

26.02.2018

Сәкен тірі!

Қазақтай елі барда,

«Өлді» деудің, айтыңдар, жөні бар ма?!

Ол көнбейді, ешқашан еңкеймейді,

Түскен де емес қысыр дау, бөрі лаңға!

Бұл өлең жолдарын белгілі ақын Темірше Сарыбаев Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллинге жолдаған.

Ғасырлар өтсе де, қазақ халқы биік тұлғаларын ардақтап, жадында сақтаған. Құрылғанына ширек ғасыр болған Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы - ақынның артында қалған құнды жәдігерлерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған бірден-бір ұйым. Күні кеше аталған ұйым тағылымды шара өткізді.

Социалистік төңкеріске Қазақстаннан тікелей қатысқан жалғыз қазақ ақыны бола тұра ол өз дәуірінің күреске толы рухы мен шындығын туындыларына арқау етті. Әдебиеттің жандануына жанрлық жағынан молайып, дамуына үлес қосты. Қысқа ғұмырында үлкен іс атқарған тұлға 25 ақпан күні өмірден озған еді. Атаулы күнге ақынды еске алу кеші ұйымдастырылды.

Еске алу кешінде елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері қаламгер өмірі мен шығармашылығы туралы дайындаған баяндамаларын оқыды. Сол арқылы өмірде де, әдебиетте де белді күрескер болған тұлғаның өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттап жеткізуді мақсат етті.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу