«Мақпалдың мекені» айдарында дәстүрлі әнші Гүлбаршын қонақ болды.
Гүлбаршын Тергеубекова:
Үлкен сахнаға кезінде көп талпынбадым. Сабақ алдым. Кәсіби деңгейдегі әнші болғым келді. 9 жыл ұстазымнан сабақ алдым. Сахнаға сол үшін бірден шықпадым. Ол менің өнерге деген жауапкершілігім.
Өнер – шексіз. Жалпы әрдайым ізденістемін. Біраз әндер жазылып, бейнебаяндар түсіріліп жатыр. Жеке жобаларым бар. Аудандар мен ауылдарда шығармашылық кештер өткіземін.
Өнермен қатар балаға көңіл бөлуді маңызды деп санаймын. Өйткені, балаларымыз - біздің болашағымыз. Тұрмыс құрамын деп ойламадым. Бірақ жалғыздықтан адам шаршайды. Екі жастың ортасында ең қиыны – қызғаныш. Қызғаныш бар жерде елге өнеріңді көрсете алмайсың. Қызғаныштың арты ажырасуға әкелді. Қазір балаларымның қасымдамын.
Екінші рет тұрмыс құрғанымда енемнен рұқсат алмағаныма өкінемін. Басқа адамға тұрмысқа шығамын деп айтуға бата алмадым. Себебі енем маған келіні емес қызындай қарайтын. Маған сөз айтпады. Не болса да ішінде. Сол үшін кешірім сұрағым келеді.