Қазақ теледидары майталмандарының бірі - Сәлима Естемесова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ теледидары майталмандарының бірі - Сәлима Естемесова

07.03.2018

93 жасқа келген қазақ теледидарының майталманы Сәлима Естемесова.

Әріптестерінің бұл кісіге деген сый-құрметі ерекше. Ол өмірінің 42 жылын режиссерлік салаға арнаған жан. Оның 30 жылы осы қасиетті қара шаңырақта өтті. 1946 жылы Мәскеудің атақты Луночарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтына қабылданған Сәлима Естемесова білікті режиссерлардан тәлім алып, туған елге қызыл дипломмен оралады. Бүгінде оның есімі қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш режиссерлардың бірі ретінде елге мәлім.

Қазақ теледидары енді аяққа тұра бастағанда Естемесова секілді мамандар оны алдыға жылжытты. Театр әртістерінің түгелге жуық шығармашылық портретін жасаған режиссердің бастамасымен көрермен көгілдір экран арқылы академиялық қойылымдарды да тамашалады.  Тікелей эфирдің тізгінін ұстап, біраз бағдарламалардың бас режиссері болды.  

«Студияға келгенде қуантарлығы – өңкей жастар. Әр уақытта қуанышта жүру керек. Қиыншылықтың бәрін қуанышпен жеңу керек», - дейді ардагер.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу