Құрметті көрермен тақырыпты осылай тарқаттық. Қажеттеріңізге жарайды деп сенемін. Осы аптада бәріміз білеміз, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аруларды тағы бір мәрте «Мәселе» ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймын. Осы тұста қазір бізбен тікелей байланыста тұрған әріптесім Еркін Съезұлына сауалым бар. Еркін кеш жарық.
–Кеш жарық Нартай.
–Еркін, кеше көзім шалып қалды, 8 наурыз күні сүйіктілеріне арнап сыйлық алған кей азаматтар артынша сол заттарын ғаламтор арқылы кері сатып жатыр деген ақпарат шықты. Бұл рас па? Не себеп екен?
- Естімеген елде көп, қулығына құрық бойламайтындардың шығармайтыны жоқ екен. Ақпаратыңа рахмет Еркін. Айтпақшы, сенің осы мереке қарасаңында ұжымдағы аруларға арнап оқыған төл туындың бар еді ғой, үстіңгі жағы есімде жоқ, соңы былай аяқталатын:
«Әйтеуір, ақыры тыншыды,
Жанарың жағып тұр жаныма.
Көңілдің қанғандай құршыны,
Бастағым келіп тұр тағы да». Ендеше, тағы бастап айтар ақпаратың болса ескерт, біз тыңдауға дайынбыз. Ал, қазір құрметті көрермен, нәзік жандыларға арнап «Мәселенің» серісі Сәбит Әлдебай бір әдемі ән орындап береді.
- Кеш жарық, Сәке. Қандай туынды ұсынасың?
–Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған Рүстем Қоразбаевтың әні «Ару ана». –Тамаша.
Құрметті көрермен мен сіздермен қоштасамын. Келесі сенбіде дәл осы уақытта дәл осы жерде қайта жолыққанша. «Мәселенің» желідегі парақшаларына хат-хабар жолдасаңыз болады. Қаперіңізде болсын, «Мәселе мақұлмен емес, ақылмен шешіледі». Ал қазір әсем әнге құлақ түрейік.