Қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов «Таңшолпан» төрінде қонақта болып, Наурыз мерекесінің мән-маңызына тоқталды.
«Наурыз түркі халықтарының ғана мерекесі емес, ол бүкіл адамзаттың мерекесіне айналуда. Өйткені, бұл игілік пен жақсылықтың, жаңарудың, жасарудың мерекесі. Сол себептен, ЮНЕСКО оны 2009 жылы адамзаттың материалдық емес құндылықтарының қатарына жатқызды. Ал, 2010 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 21-наурыз Халықаралық наурыз күні деп аталды. Сондықтан, мұны бүкіл дүниежүзі тойлайды деп айтуға толық құқығым бар. Наурыз жылдан-жылға халықтың арасында ең бір ұлық мерекеге айналып жатыр», - дейді қоғам қайраткері.
Бағдарлама барысында Қуаныш Айтаханов батасын беріп, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.