Мұхтар Шаханов: Наурыз қазақ даласында 3000 жылдан бері тойланып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Шаханов: Наурыз қазақ даласында 3000 жылдан бері тойланып келеді

22.03.2018

ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов «Таңшолпан» төрінде қонақта болып, Кеңес одағы кезінде ұмытыла бастаған Наурыз мейрамын қайта жаңғырту идеясы туралы айтып берді.

«Наурыз қазақ даласында 3000 мың жылдан бері тойланып келе жатқан мейрам. Бірақ, Кеңес одағының кезінде мемлекеттік, қоғамдық деңгейде тойлауға тыйым салынды. Соған қарамастан, әрбір жанұя өзара тойлап жүрді. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Геннадий Колбинге «Наурыз мерекесін қайта жаңғыртайық» деп хат жаздым. Колбин хатымды Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюросында қараған екен. Бюрода мені екі-ақ адам қолдапты. Оның бірі сол кездегі Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев. Ал, бюроның қалған мүшелері түгелдей қарсы дауыс берген. Сонда мен Колбинге «Наурыз мерекесін тірілтіп беретін болсаңыз, бүкіл халық сізге басқаша көзбен қарайтын еді», деп едім, «онда қалай болғанда Горбачевті көндіремін, тойлайық», деді.

Сөйтіп, Алматының М. Горький атындағы саябағына 100 мыңнан астам адам жиналды. Ол кезеңде 10-20 адам жиын өткізетін болса, алдымен рұқсат сұрайтын. Осылайша, сол жылы Наурыз мерекесін барлық мектептер, жоғарғы оқу орындары, колхоз, совхоздар тойлады». 

Хабар барысында ақын өлең оқып, барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 

 

Хабарламаларға жазылу