Кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайреткері Сламбек Тәуекел 70 жасқа толды. Туған күн иесі бағдарлама қонағы болып, өзінің өнер жолымен, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Ешбір қиындыққа қарамастан осы күнге жеткеніме қуаныштымын. Бала-шаға, достарымның, елдің алдында жүру мен үшін қуаныш. Үш балам, немерелерім бар.
Қазақ киносының болашағы зор. Біз жас болғанымызда елімізде қазақ мамандарын дайындасақ деп армандаушы едік. Қазір елімізде үш оқу орны қазақ киномамандарын дайындайды. Маман көп дайындалған сайын, дарынды адамдар іріктелуі мүмкін», - дейді қонақ.