Ұлмекен Ұзақбайқызы: Анамның бір ауыз сөзі өмірге қайта алып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлмекен Ұзақбайқызы: Анамның бір ауыз сөзі өмірге қайта алып келді

12.04.2018

Биыл қазақ телевизиясына 60 жыл. Айтулы мерекеге орай «Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы жастық шағын телевизияға арнаған, ардагер режиссер Ұлмекен Ұзақбайқызы.

Ұлмекен Ұзақбайқызы:

Өзім музыкантпын. Телевизияға дейін оркестрде жұмыс істедім. Күйеуім Мұрат та музыкант. Оркестрмен гастрольге шығатынбыз. Екеумізге ол қиын болды. Сосын мен музыканы қойдым. Балалы болдық. Күйеуіңе қарау керек, келіп-кетер қонағың бар. Осылайша 26 жасқа дейін үйде отырдым.

Балаларым қатайғаннан кейін бағыма орай 1984 жылы телевизияға келдім. Мұраттың өзі ұсынды. Мен қуандым. Телевизияның не екенін білмедім. Бірақ қызықтым. «Тамаша» бағдарламасының жарқырап тұрған кезі. Менің арманым – «Тамашада» істеу еді. Сонымен былтыр зейнетке шыққанша қызмет еттім.

Мұратпен оқып жүріп танысып, бас қостық. Сымбатты, көркіне ақылы сай, сері жігіт еді. Әнші, күйші, ақын ол елдің арасына барып, біраз дүние жинақтады. Мұрат көп адамның батасын алып, елімізге біраз еңбегі өтті. Бірақ жасы ұзаққа бармай 37 жасында өмірден озып кетті. 15 жыл бірге тұрған шағымыз осы күнге дейін маған азық болып келе жатыр. Оның артынан екі балам дүниеден озды. Ол маған жығылғанға жұдырықтай болды. Шынымды айтсам, өмір сүргім келген жоқ. Бірақ анамның бір ауыз сөзі өмірге алып келді.

Қайын-жұртым өте жақсы адамдар. Енем ақын, суырып-салма абыз ана еді. Басыма қиындық түскенде осы қайын-жұртым және жолдастарым қолдады. Осы күнге дейін араласып тұрамыз. Ауыз-бірлігі жарасқан ұяға келін болғаным үшін өзімді бақытты сезінемін.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу