Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар айының өзінде жаңа кредиттерді беру көлемі 830 миллиард теңгені құраған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар айының өзінде жаңа кредиттерді беру көлемі 830 миллиард теңгені құраған

14.04.2018

Түрмесіз далада қорасыз қой бағып, мылтықсыз аң аулап, есігіне ала жіп байлап алты айшылық жолға алаңсыз шығып кете беретін қазаққа қазір қамбалары ақшаға ернеуіне дейін толған банктерден асқан зұлым болмай тұр.

2018 жылдың қаңтар айының өзінде Қазақстанда жаңа кредиттерді беру көлемі 830 миллиард теңгені құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 44 пайызға көп.

«Әзіл айту мен қарыз алу кенет болады» депті Джон Дэвисон Рокфеллер. Расында зілі бар әзіл. Банкке берешек болып жүргендер қайтеді, енді бермесін білгесін ол нұсқаны санасынан сырып тастайды да, тірі адам тіршілігін жасайды деп тағы қарызға ұрынады. Амалы қалмағандарға арнап қазір жеңіл несие деген сағыңды сындыратын сағым шықты. Құжатыңды ұсынсаң 5-10 мың теңге сұрасаң да бере салады. Банктерге қарызсың ба, жоқ па, оны да тексеріп жатпайды. Лажы болса, бұларды айшылық алыс жерден айналып өткен дұрыс. Өйткені, пайыздық үстемақыларын есептегенде несие алған адамның қаққанда қан, соққанда сөлін шығарады.

Мәселен міне, осы аптада бізге жеткен сансыз хаттардың бірі Лаура Бақтыгереева есімді азаматша: «Інім 70 мың теңге алған, енді күніне 2000 теңге қосылып жатыр. 210 мың теңгенің үстіне шыққан. Інім қиналып жүр айлығы жетпей» депті. Осы мәселе турасында Сәбит Әлдебайдың материалында.  

Хабарламаларға жазылу