Бүгін «ұлттық операның раушан гүлі» атанған Роза Жаманованың туғанына - 90 жыл. Ерекше үнді әнші опера және балет театры сахнасында опералардың барлық басты рөлдерін сомдады. Опера репертуарында 45-ке жуық шығарма орындады.
Күміс көмей әнші туралы әлемді мойындатқан музыка зерттеушілерінің өзі «Роза қай тілде ән салса да, тілмашты қажет етпей-ақ, музыканың құпияларын аша білетін әнші» деп жоғары баға берген екен.
Жетімдіктің тауқыметін көп көрген Роза жасынан қайсар болып өседі. Балалар үйінде өтетін мәдени шараның барлығы әнші қыздың әуелеген әнімен басталатын. Музыкаға деген қабілетін байқаған тәрбиешілері оған өнер жолын таңдауға кеңес береді. Осылайша, мектепті бітірген соң музыкалық училищеге қабылданады. Міне, осыдан бастап Розаның өнердегі жолды ашылады.
Опера саңылағының өнегелі жолы туралы толығырақ «Таңшолпанда».