Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістердің мақсаты – зейнеткер өзін-өзі қамтамасыз ету алуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістердің мақсаты – зейнеткер өзін-өзі қамтамасыз ету алуы керек

18.04.2018

Биыл еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Студия қонағы Бірыңғай жинақтайшуы зейнетақы қоры Астана қаласы филиалының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтармен бөлісті.

«Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістердің бастысы – әйел азаматтың жасы жыл сайын алты айға ұлғайып отырады. Бұл - экономикалық өзгерістер. Қазір ел ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Халық түсініп, қолдап жатыр. «Орта зейнетақы сомасы» деген бар. Ол сома қазір азайды. Өйткені, жаңа жүйе енгіздік.

Бүгінде үш түрлі зейнетақы бар: базалық, ынтымақтық және жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын зейнетақы. Базалық – әр азаматқа белгіленген сома бойынша берілетін зейнетақы. Еңбек өтіліне қарамайды. Жасы жеткенде мемлекет тарапынан беріледі. 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап барша зейнеткерге бірдей төленіп келген базалық зейнетақы көлеміне айтулы өзгерістер енеді.

1998 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен болатын. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталып қалды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде еңбек өтілін толық өткерген, бірақ, жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинайтын мүмкіндігі болмаған жандарды зейнетақымен қамсыздандырады.

Біздің азаматтарымыз зейнетке шыққанда өз-өзін қамтамасыз ете алатын болуы керек. Көбісі «жинаған ақша кетіп қалады», деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Мысалы, зейнетке шыққан азамат шетелге кетсе, ол ақшаны аударып береміз. Зейнетақының мұрагерлік құқығы бар. Одан кейін инвестициялық өсу деген бар. Ақшаға жыл сайын пайыз қосылып, өсіп отырады. Оның сақталуына мелекет кепілдік береді»,  - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу