«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер». М. Жұмабаев.
«Бақытты әйел» бағдарламасындағы «Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы – ұстаз, психолог Назым Ділтайқызы.
«Бала тәрбиесі туралы кітап жазу үшін біраз ізденуіме тура келді. Көптеген мақалалар, кітаптар оқыдым. Оның ішінде, XIX ғасырдағы қазақ зиялыларын оқу барысында ол замандағы тәрбиенің бізден өзгеше екенін байқадым.
XXI ғасыр - энергетика ғасыры. Осы ғасырда дүниеге келіп жатқан балалар - өзгеріс жасаушылар. Олар туғаннан-ақ бойынан зерде, жігер, түйсік біте келеді. Оны 2-3 жастағы баладан байқауға болады. Әр ата-ана бақылаушы.
Педагогика саласында 20 жылдан астап еңбек еттім. Баланың тәрбиесі, көңіл-күйін зерттей келе көптеген пікірге келдім. Қорытындылай келе айтарым, баланы тәрбелеудің екі құралы бар: сөз және үлгі. Ата-бабаларымыз рухты қалай сіңірген? Рух – ақыл, ақыл – нұр, нұр – сөз. Балаға рухты бесіктен сіңірген. Баланың жасына қарамай, ересек адамдай қабылдап, өсиет сөздер айтып отырған. Меніңше, бала жақсы болса да, жаман болса да оған тәрбиелеген адам жауапты», - дейді қонақ.