Әлеуметтік желідегі жеке ақпарат қолды болмауы үшін мемлекет кибершабуылға қандай тосқауыл қойды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желідегі жеке ақпарат қолды болмауы үшін мемлекет кибершабуылға қандай тосқауыл қойды?

21.04.2018

Әлемде әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркелетінін ескерсек, «интернеттің инесіне» отырғандардан жылу жинап жүргендердің дәурені жүріп тұрғанын аңғару қиын емес. 2017 жылды қорытындылаған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мынадай мәліметтерді ұсынып еді. Қазақстанда былтыр 9000 сайт бұғатталған. Оның дені терроризмді, экстремизмді және суицидті насихаттап, от басқандар. Осы тақылеттес 320 мың материал жойылған. Министр 2018 жылы желі қолданушыларының саны 78 пайызға көбейеді деген болжамын да айтты.

Қазір ғайыптан хайппен арзан атақ жинасам, кейін ғаламторда ғаламат дүниелер жасаймын деп, арамтер болған адамдар тым көп. Бұлардың бетін бері қаратуға бола ма? Әрине, сол үшін БАҚ туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Адамдардың дені қазір әлеуметтік желіге тіркелген. Тек өзіне қатысты ақпараттарды қауіпсіз сақтадым деп ойлағанымен, олай болмай шықты. 11-12 сәуірде АҚШ Конгресінде сөз алған Марк Цукерберг өзіне тиесілі «Facebook»-ке тіркелген адамдардың жеке ақпараттарына біреу қол сұқпақ болса, желі автоматты түрде қолданушыны ескертетін болады деп айтты.

 

Өкінішке қарай, бұған дейін «Facebook» қолданушыларының жеке ақпараттары «ұстағанның қолында тістегеннің аузында» кеткен екен. Бұл былықтың бетін ашқан Вики Бойкис «Facebook»-ке күніне 600 терабайт ақпарат келетінін айтты.  Осы тақырып турасында Сәбит Әлдебайдың сюжетінде.

 

Хабарламаларға жазылу