Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл

25.04.2018

Қалибек Қуанышбаевсыз қазақ театр өнерінің драма жанрын көзге елестету мүмкін емес. Өйткені, ол халқымыздың ұлттық, профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Сахна өнерінің Қадеке шыққан еңбек шыңы Мұхтар Әуезов пен Леонид Соболевтың пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай рөлі болды.

Ұлы ақынның рөліне Мұқтар Әуезовтың өзі таңдап алса керек. Абайдың бейнесін сахнаға сомдап шыққан сәтінде Мұқаң «Міне, Абай, тірі Абай, Абай дәл осындай болған» деп сүйсіне бағалаған екен.

Әйгілі актер 40 жылға таяу сахналық өмірінде 150-ден астам рөлді ойнады. Олардың қай-қайсысы да өз бояуы, өз нақышымен ерекше дараланған толыққанды образдар.

Қалибек Қуанышбаев қазақ актерлерінің ішінден КСРО мемлекеттік сыйлығын иеленген тұңғыш әртіс. Сондықтан, оны «қазақ театрының паспорты» деп те атайды.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу