Ұлттық өнер: кесте тоқу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық өнер: кесте тоқу

25.04.2018

Қазақ «өмірге ұл келсе ат ұстар, ал, қыз келсе кесте тігер» деп атаған. Яғни, кесте халқымыздың сәндік қолөнерінің бір түрі ретінде ертеден келе жатқан қазыналы өнер. Ол мата, тері, киіз тағы басқа материалдар бетіне әртүрлі боялған жіптер мен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады.

Қазақ тілінде кесте сөзі «мата бетіне түсті жіптен тоқылған, тігілген әшекейлі өрнек», - деген ұғымда, ал, кестелеу «мата бетіне түрлі-түсті жіппен әшекейлі өрнек тоқу» ұғымында қолданылады.

Кесте тігу үшін жіп, мата, ине, қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, дөңгелек немесе төрт бұрышты кергіш қажет. Кестенің «біз кесте», «айқас тігу», «қайып тігу» сынды қазақ халқына тән байырғы көне түрлері бар. Аталған кесте түрлерінің ішінде қазақ халқына ең жақыны – «біз кесте».

Дәстүрлі кестешілік өнеріміз заманауи бағыт алып, түрлі формада тұтынушыларға ұсынылып жатыр. Тек қазақи болмысын жоғалтпаса екен.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу