Мөлдір Мұқанова: Тұрсынбек екеуміздің махаббатымыз әлі де кіршіксіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мөлдір Мұқанова: Тұрсынбек екеуміздің махаббатымыз әлі де кіршіксіз

27.04.2018

«Бақыты әйел» бағдарламасы әлеуметтік желіде сауал жүргізген болатын. Онда «Студия қонағы ретінде кімді көргіңіз келеді?» дегенге «Мөлдір Мұқанова» деген жауап көп келді. Осыған орай Мөлдір Мұқанова «Мақпалдың мекені» айдарының қонағы болып, жұлдызды отбасының жаңалықтарымен бөлісті.

 

«Кез келген адам үшін оны іздеп, керек етсе, ол қуантарлық жағдай. Мені сұрап, іздеп жатқан қазақ халқына рахмет айтамын.

Кез келген нәрсені жаман нәрсемен салыстырып білеміз. Барлығы дайын жерге тұрмысқа шыққанда осы күні өзімді бақытсыз санар едім. Тұрсынбек екеуміз қосылып, бірлесіп, болмаған дүниені бар қылып, қолдан жасағанымызға қуана қарағанымыздың нәтижесі деп ойлаймын. Кішкентай болса да әрбір дүниеге қуана білдік.  Осы күнге дейін сақтап қалған дүниелеріміз бар.

Шын мәнінде армандай білу керек. Адам шын армандай білсе соған жетеді. Барлық қиыншылықтан бірге қол ұстасып өттік. Барды да, жоқты да көрдік. Тұрсынбек екеуміздің махаббатымыз әлі де кіршіксіз», - дейді Мөлдір.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу