Әуе көліктері Жерге жетпей неге жиі «жығылатын» болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе көліктері Жерге жетпей неге жиі «жығылатын» болды?

29.04.2018

Өткен аптада Амритсар қаласынан Нью-Делиге бет алған «Боингтің» иллюминаторы, яғни, әйнегі ұшып кеткен. Оны бір жолаушы орнына бекітемін дегенше, ұшақтағы үш адам төбеден құлаған жүктен жарақат алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Нью-Йорктен Далласқа бет алған ұшақтың бір қозғалтқышы жарылып, әйнекті шаққан. Қатты жел орындықта отырған әйелді тысқа сүйрей жөнелген. Жолаушылар жабылып оны ішке тартып кіргізгенмен, азаматша жантәсілім етті. Қалған 148 адам дін аман. Бұрын мұндай әуе апаттары туралы естігенде таңқалатын жұрттың қазір құлағы үйрене бастағандай. Өйткені, ұшақтар тым жиі құлап жатыр. Адамзат тарихындағы ең үлкен әуе апаты 1977 жылдың 27 наурызында Лос-Родеос әуежайында болған. Ол кезде 583 адам көз жұмған.

Ал, 2017 жылы елімізде 6 әуе апаты болған, салдарынан 11 адам қаза тапты. 2016 жылы ұшақ пен тікұшақтарды қоса алғанда 4 апат болды. 7 отандасымыз опат болды. 2015 жылы 4 әуе апатынан 7 адам көз жұмды. 2014 жылы төбеден 4  әуе көлігі құлап, 3 адамның өмірін жалмады. 2013 жылы 5 әуе апатынан 24 отандасымыз көз жұмды.

2012 жылы Шымкенттің түбінде ҚР ҰҚК Шекара қызметіне тиесілі Ан-72 ұшағы құлап, 27 адамның өмірін жалмады. Әрине, техника құлағаннан кейін тергеу тағайындап, темірден кінәрат табуға болады.

Бірақ, тот басқан ұшақты құлатып от баспайынша қимылдамайтын жауапсыздардың есін ертерек кіргізу үшін не істеу? Аталған апаттар туралы біз нені білмей келдік? Осы тақырып турасында Еркін Съезұлының материалында.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу