Айгүл Қосанова: Эстрадалық жанрда ән айту – уақыт талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Қосанова: Эстрадалық жанрда ән айту – уақыт талабы

03.05.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы – дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова.

 

«Әрбір адамның өмірде алдына қоятын мақсат, арманы болады. Адам бір нәрсеге ұмтылған жағдайда өмірдегі келесі деңгейге өтіп, жаңа мақсат қойып, еңбектенеді. Мен де өмірімдегі белгілі бір кезеңді өткердім. Басқа ортаны көрейін деген ниетпен Астанаға қоныс аудардым.

Отбасылы адам болған соң кез келген нәрсеге сабырлықпен қарап, балаларымның болашағын ойлаймын. Қоғам  жаңа болған соң мен үшін жаңа нәрселер бар. Қиналып жүрген жоқпын. Кез келген нәрсеге уақыт керек.

Жалпы өмірдегі ұстанымым – қолдан келсе адам соны істеу керек. Дәстүрлі әнші болсам да симфониялық оркестрдің, халық оркестрінің сүйемелдеуімен де ән айтып жүрмін. Эстрадалық жанрда ән айту – уақыт талабы. Барлық жанрды қамтуға тырысып жүрмін. Себебі халықтың көңілінен шығып жатыр», - дейді әнші.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу