![Ләззат Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_112504.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Ләззат Олжабайқызы Жүнісова «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды
Л.Жүнісова Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі, 2004 жылы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2006-2009 жылдары «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.
2011 жылдың қарашасынан 2018 жылдың мамырына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ләззат Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/114646/)