Жігіттерге арналған сыйлықтарды 4 түрге бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі, оның айналысатын жұмысы мен сүйікті ісіне арналуы тиіс. Мәселен, футбол ойнағанды немесе ән тыңдағанды жақсы көретін болса, сәйкесінше қажет заттарды таңдаған абзал.
Ал, егер ерекшелікке, тосынсыйға құмар ер азамат болса, керемет демалыс жасаған жөн. Оның көптен көрмеген достары мен жақындарын да осы жиынға шақыруға болады. Табиғат аясына шығып, шағын отырыс жасаңыз, бұл олар үшін естен кетпес мереке болары сөзсіз.
Сонымен қатар, мерекелік дастархан мен үйдегі қыз-келіншектердің дәмді тамағы ерлер үшін қай кезде де керемет сый болары анық.
Айта кету керек, ер азаматтарға еш уақытта ақшалай сыйлық жасауға болмайды. Оған қоса, алған сыйлығыңыздың құны да аса қымбат болмауы тиіс.
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.