Мемлекет басшысы ауызсу тапшылығының артуына байланысты азық-түлік өндірісін көбейту қажеттігін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ауызсу тапшылығының артуына байланысты азық-түлік өндірісін көбейту қажеттігін айтты

17.05.2018
Мемлекет басшысы ауызсу тапшылығының артуына байланысты азық-түлік өндірісін көбейту қажеттігін айтты

Астанада өтіп жатқан «Global Challenges Summit 2018» XI Астана экономикалық форумында Елбасы дүниежүзінде тұрғындар саны жылдам өсіп келе жатқанына тоқталып, базалық ресурстардың шектеулі екеніне және ауызсу тапшылығының артуына байланысты азық-түлік өндірісін көбейту қажеттігін айтты.

«Агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі мен ресурстарды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттыру қажет. Бұл сала енді жоғары технологиялық салалардың біріне айналуға тиіс. Қазақстанда заманауи жетістіктерді қолдана отырып, 5 жылда агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсаты қойылып отыр», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елімізде агломерацияларды дамыту жөніндегі стратегия іске асырылып жатқанын, сондай-ақ, Астананың 20 жылдығын мерекелеу барысында өтетін Жібек жолы елдері ірі қалаларының форумы туралы баяндады.

Хабарламаларға жазылу