Бүгін әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Өмірқұл Айниязовтың «Арман-ай» әніне түсірілген бейнебаянның тұсауы «Таңшолпанда» кесілді. Таңғы бағдарламада қонақта болған әнші шығармашылығындағы өзге де жаңалықтармен бөлісті.
«Бұл бейнебаянның мақсаты – халық Өмірқұл Айниязовты ұлттық киіммен, ұлттық дәстүрмен өкрсе, енді заманауи, махаббат тақырыбында яғни, өзге қырынан көрсе деген ой болды. Бірақ, қазір халық «енді сіз осы бағытқа ауыстыңыз ба, дәстүрлі әннен кеттіңіз бе» деп сұрап жатыр. Бұл сұраққа бұрыннан біртүрлі қарайтын едім. Кез келген жерде домбырамен ән айта береміз, эстрадамен өзінше айналысамыз. Терме, патриоттық ән, дәстүрлі ән өз орнында, міндетті түрде уақытымен орындалып тұрады. Мен ән бағытын ешқашан таңдаған емеспін. Егер ән жүрегіме ұнаса, әуені жүрек иіріміне сәйкес келетін болса, кез келген бағыттағы әнді орындауға дайынмын»,-дейді әнші.
Сұхбат барысында әнші шәкірттерінің жұмысына тоқталды. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.